Жас Ұлан Жас Қыран
03.02.2021 жылы мектебімізде «Руханият» бағыты бойынша оқушыларды ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды озық ойлы дарынын ашу, зеректік қабілетін дамыту. Өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында «Сөз мерген» тақырыбында интеллектуалды ойыны өтті. Мектебіміздегі 4-8 сынып (37 оқушы) оқушыларының арасында өтті. Тәрбие ісінің меңгерушісіА. Корабаева кеш қонағы болды. Ойынымыз 5 кезеңнен тұрды. : Ұйымдастыру, Бәйге, Тіл өнер, Жеті жұмбақ, Жорға, және де қорытындымен аяқталды. Әр кезең сайын оқушылардың жинаған ұпай сандары есептелді. Ойында бәйгеден алған ұпай санына ұпайлары қосылды. Ұпай саны аз болған 2 оқушы келесі турға өтпейтіні ескертілді. Бәйге кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың әрқайсысына 10 сұрақ қойылды. 5 сынып оқушысы Мұратбек Азиза және 6 сынып оқушысы Әбдікәрім Аяна ойыннан шықты. Тіл өнер кезеңі. Сөз мәйегі – мақал-мәтелге жасырылған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударады. Бұл кезеңде ойыннан 8 сынып оқушысы Жақсыгелді Кәусар, Ермахан Керім шықты. Жеті жұмбақ. Сайыскерлерге үш тақырып беріледі. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген оқушының таңдау құқығы қасындағы сайыскерге бұйырады, ал ол дұрыс жауап бермеген жағдайда ұпай саны өзімізде қалады. Сейтбек Бексұлтан, Хусайнова Руфина және Қуанышбаева Ақерке соңғы кезеңдерге қалды. Яғни, оқушы саны сақталды. Жорға. Қалған 3 оқушыға бұл кезеңде 2 конверт ұсынылды. Хусайнова Руфина бұл кезеңде ойыннан шеттетілді. Соңғы талап екі оқушы «Біз Қазақстанның жарқын болашағымыз» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Соның нәтижесінде 7 «А» сынып оқушысы Сейтбек Бексұлтан Интеллектуалық ойынның жеңіпазы атанды.