17
мамыр
2021
Жас Ұлан Жас Қыран
18.09.2020 жылы мектебімізде «Руханият» бағыты бойынша оқушылардың еліміздегі рухани бағытта жүзеге асырылып жатырған игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейтіп, екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында оларды обьективтілік, пікір алуындағы елжандылық, принципшідік қасиеттерге тәрбиелеу арқылы оқушылардың танымдық-эвристикалық қабілеттерін арттыру мақсатында «Қазақ тілін білгенің- өз еліңді сүйгенің!» тақырыбында ашық пікірталас өткізілді. Молдабаева Қ. Мектеп кітапханашысы кеш қонағы болып оқушылардың пікірлерін сараптаушы болды. Пікірталас «Парасат» (жақтаушы топ) және «Ақиқат» (даттаушы топ) топтарының арасында өтті. 9-10 сынып оқушылары (25оқушы) қатысты. Сонымен қатар Жас Ұлан ұйымының бесенділері төреші, Тайм Киппер болып өз істерін атқарды. Екі топ өздері ұстанған позицияның тақырыбына сай мәселенің шығу себептерін, шешу жолдарын және туындау себептерін айқындап, өз аргументтерін ұсынды. Әр спикер 5 минут ішінде ой тарқатып соңынан төрешілер өз бағаларын берді нәтижесінде «Парасат» тобының ұстанған қағидасы өзекті әрі нақты деп саналып 1 орынға ие болды. «Парасат» тобының спикері Дүйсекеев Рамазан «Үздік спикер» номинациясымен марапатталды.