Жас Ұлан Жас Қыран » КГУ «Общеобразовательная школа №14 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
мамыр
2021

Жас Ұлан Жас Қыран

02.04.2021 жылы мектебімізде «Жеті жарғы» бағыты бойынша Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай ақынның өмірі мен  шығармашылығын таныту, ақындық талантын  шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген  қызығушылығын арттыру, өлеңдерін  мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің  тәрбиелік мәнін түсіндіріп, оқушылардың  өлеңге деген ынтасын, көркем сөз оқу шеберлігін 
 арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін  қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке,  өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу
 мақсатында «Көркемсөз шебері» тақырыбында өлең оқу байқауы өткізілді. Байқауға мектебіміздің 5-10 сынып (19 оқушы) оқушылары қатысты. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Камзанова А. кеш қонағы болды. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бірнеше оқушы ерекше арнауларын оқып ерекше әсерге бөледі.  Байқау нәтижесінде: 

1 орын - 9 сынып оқушысы Жуманбаева Аяна 

2 орын -  5 сынып оқушысы Сәбитұлы Мағжан

3 орын-   5 сынып  оқушысы Бейсенгали Аружан

иеленді. Оқушыларды құттықтадық, байқауда ерекше дайындықпен қатысқан Жанаева Жанель және Қуанышбаева Нұрсұлуға алдағы болатын байқауларда сәттілік тілейміз. Оқушылардың ерекше дайындығы ақынның артында өшпейтін қалдырған ізінің куәсі  деп білеміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: