27
мамыр
2025
Жазғы лагерьдің ашылу салтанаты
Бүгін, 26.05.2025ж. біздің мектебімізде қуанышты әрі есте қаларлықтай ерекше күн болды — жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтті. Оқушылардың шат күлкісі мен қуанышты көңіл-күйі мектеп ауласын жадыратқан күн көптен күткен демалыстың басталғанын паш етті.
Салтанатты шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ән айтып, би биледі. Ұстаздар мен лагерь жетекшілері жылы лебіздерін білдіріп, балаларға қызықты әрі қауіпсіз демалыс тіледі. Түрлі ойындар мен спорттық жарыстар, шығармашылық үйірмелер жазғы лагерь күндерін әсерлі де мазмұнды өткізуге сеп болмақ.
Жазғы лагерь — бұл тек демалыс емес, сонымен қатар достар табу, жаңа қабілеттерді дамыту және ұмытылмас естеліктер жинау уақыты. Алдағы күндер балалар үшін жарқын шаттыққа, көтеріңкі көңілге толы болатынына сеніміміз мол.
https://www.instagram.com/reel/DKJWoo-CG9e/?igsh=OXo5dnk1dWFnaWY0