Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
мамыр
2025

Жаз айларындағы суға түсу туралы түсіндірме жұмыстары

12 мамыр 2025 жыл
Жаз айларындағы суға түсу туралы түсіндірме жұмыстары

Бүгін, 12 мамыр 2025 жылы, мектебімізде жаз мезгілінде суға түсу кезінде сақтық шараларын сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың судағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін жетілдіру, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, жазғы демалыс кезеңін қауіпсіз әрі пайдалы өткізуге бағыт беру.

Түсіндірме барысында суға түсу кезінде жіберілетін жиі қателіктер, қауіптің алдын алу жолдары, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың салдары, суда өзін-өзі ұстау мәдениеті, алғашқы көмек көрсету ережелері туралы кең көлемде мәлімет берілді. Сонымен қатар, оқушыларға жадынамалар таратылып, бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шара соңында оқушылар судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігіне уәде беріп, белсенді түрде өз ойларымен бөлісті. Бұл түсіндірме жұмысы оқушылардың санасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
https://www.instagram.com/p/DJjFXJ9iUgF/?igsh=Nzd6eDJ4eXljbGJ2

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: