20
мамыр
2025
«Еріктілер» жобасы
«Еріктілер» жобасы
Биылғы оқу жылында мектебімізде ерекше маңызға ие «Еріктілер» жобасы іске қосылды. Бұл бастама – үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсету дәстүрін дәріптеумен қатар, оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуіне мүмкіндік берген игі жоба болды.
Аталмыш жоба аясында жоғары сынып оқушылары бастауыш сыныпта оқитын іні-қарындастарына сабақ үлгерімін арттыруда көмектесіп, үй тапсырмаларын орындауға бағыт-бағдар берді. Олар балғын шәкірттерге тек білім беріп қана қоймай, жақсы үлгі бола білді. Осындай қарым-қатынас арқылы оқушылар арасында достық, өзара түсіністік және жауапкершілік секілді құндылықтар қалыптасты.
Жобаның негізгі мақсаттары:
Жоғары сынып оқушыларына көшбасшылық пен жауапкершілік дағдыларын дамыту;
Бастауыш сынып оқушыларына білім алуда қосымша қолдау көрсету;
Ұрпақтар сабақтастығын, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайту;
Оқушыларды қоғамдық белсенділікке баулу және мейірімділікке тәрбиелеу.
Бұл жобаның нәтижесінде еріктілік — тек қоғамға қызмет ету емес, рухани жетілу мен тұлғалық дамудың жолы екені айқындалды. «Еріктілер» жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, мектеп өмірінің маңызды бір бөлігіне айналады деген сенімдеміз.
https://www.instagram.com/reel/DJi4RKgC_86/?igsh=d2pwbG1vM2VkM2Vn