30
сәуір
2025
5–9 сынып оқушыларына арналған “Тарих ата” республикалық қашықтық олимпиадасы
2025 жылдың 17–19 сәуірі аралығында өткен 5–9 сынып оқушыларына арналған “Тарих ата” республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Білім бәйгесінде озық таным мен терең ізденісінің нәтижесінде жүлделі І дәрежелі дипломға ие болған Қайрат Медина мен Гасизова Райананы зор қуанышпен атап өтеміз. Сонымен қатар, білім додасында белсенділік танытып, сертификатпен марапатталған Буранқұлов Фараби мен Манап Арайдың да жетістігі – үлкен мақтаныш.
Оқушыларымыздың осындай жетістіктерге жетуіне үлес қосқан, бағыт-бағдар берген ұлағатты ұстаз тарих пәнінің мұғалімі Бердигулова Бану Турсынжановна апайға ерекше алғыс білдіреміз.
Жас ұрпақтың білімге деген құлшынысы мен табандылығы біз үшін әрдайым қуаныш. Барша жеңімпаздарға болашақта да асқақ армандар мен биік белестер тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DJDkjbFCwgK/?igsh=MWZlbmVsbzF0Mm8yMA==