27
мамыр
2025
"Әкем – тірегім, анам – жүрегім"
22 мамыр күні мектебімізде ерекше бір жылылық пен мейірімге толы іс-шара өтті. "Әкем – тірегім, анам – жүрегім" атты видеоролик түсіру барысында оқушылар ата-аналарына деген сүйіспеншіліктерін ерекше сезіммен жеткізді.
Балалар ата-аналарына қоңырау шалып, өздерінің шексіз махаббатын білдірді. Бұл сәт жүректерге жылы әсер етіп, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты бұрынғыдан да нығайтты. Әрбір оқушының дауысы қуанышқа, сағынышқа, алғысқа толы болды. Көпшілігі көздеріне жас алып, «Сені жақсы көремін, мама!», «Әке, сіз менің тірегімсіз!» деген сөздерді жүрекпен айтты.
Бұл игі бастама арқылы оқушылар отбасы құндылығының қаншалықты маңызды екенін терең түсінді. Мейірім мен сүйіспеншілікке құрылған шаңырақта ғана шынайы бақыт бар екенін сезінді.
https://www.instagram.com/reel/DJ8ehwPiAVe/?igsh=MTduanZtdzNiNHpzbA==