Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Күзгі демалыс
08
қараша
2021
Күзгі демалыс
1-11 сыныптар  арасында  күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар"1-11 сынып оқушылары арасында "Отбасылық оқу сағаты "  тақырыбында онлайн форматта іс-шара өткізілді.
Күзгі демалыс
06
қараша
2021
Күзгі демалыс
06.11.2021ж. мектебімізде Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру мақсатында "Әлеуметтік желінің пайдасы мен     зияны" тақырыбында әңгіме диспут өткізілді.
Күзгі демалыс
06
қараша
2021
Күзгі демалыс
05.11.2021 ж. мектебімізде Күзгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Салауатты өмірге саяхат" туберкулез бен жіті респираторлық аурулардың алдын алу тақырыбында түсіндірме сабағы өткізілді. Түсіндірме жұмысы 5-9 сынып оқушыларының арасында өткізіліп, барлығы -52 оқушы қатысты. Жетекші: ЛЕсова С.  
Күзгі демалыс
04
қараша
2021
Күзгі демалыс
04.11.2021ж. мектеп оқушыларының арасында  оқушыларға "Аспаз" мамандығы туралы түсінік қалыптастыру, балалардың аспазшы мамандығы туралы білімін тереңдету және кеңейту мақсатында "Мен жас Аспазшы" тақырыбын негізге ала отырып, үйде ас дайындау ұсынылды. Оқушылар, жеңіл дайындалатын түрлі дәмді тәттілер, салаттар және тосттар жасады. Оқушылар үшін мұндай тапсырма ерекше болғандықтан, оқушылардың барлығы дерлік белсене атсалысты.  
Күзгі демалыс
03
қараша
2021
Күзгі демалыс
3 қараша күні мектебімізде Режиссер Ақан Сатаевтың "Елбасы жолы.Астана" атты толықсетраждыкөркем фильмына  көрсетілім ұсынылды. Мақсаты: оқушыларды Астанамыз- Нұрсұлтан қаласының салынуына арқау бола отырып түсірілгендігін еске ала отырып білімін тереңдету. Еліміздің тарихын білуге тәрбиелеу. Көркем фильм көрсетілімінен соң оқушылар фильмнан алған әсерлерімен бөлісіп ойларын айтып жақсы бір мағлұматқа толы пікір алаңына айналдырды.
Күзгі демалыс
03
қараша
2021
Күзгі демалыс
3- қараша күні №14 Жалпы білім беретін мектебінде "Отбасы - бақыт мекені" жобасы аясында 8 сыныптар арасында 8 "А" сынып оқушысы Абдықалық Бекзаттың әжесі, 83 жастағы он құрсақ көтерген батыр Ана, "Алтын алқа" иесі Уразгулова Батима әжемен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Батыр Әже отбасы құндылықтары туралы өзінің өсиет, әңгімелерін айтып, оқушыларға ақыл - кеңес берді.