01
желтоқсан
2025
"Адал ұстаз" байқауы 01.12.2025ж.
№14 Мектепте «Адал Ұстаз» Байқауы Өтті! ✨2025 жылдың 1 желтоқсанында №14 жалпы білім беретін мектебінде «Адал ұстаз» байқауының мектепішілік кезеңі сәтті өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – мектеп қабырғасында адалдық, парасаттылық пен әділдік ұстанымдарын нығайту.
Біздің педагогтеріміз «Адал ұстаз. Заманауи мұғалім тұлғасы» атты эсселерінде өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, «Педагогикалық адалдық – кәсіби абырой» атты тұсаукесерлерінде озық әдістемелік тәжірибелерімен бөлісті.
🏆Жеңімпазды құттықтаймыз!
Әділқазылар шешімімен, екі турдың қорытындысы бойынша ең жоғары бағаға ие болып, ұстаздық адалдықтың жарқын үлгісін көрсеткен бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова Мадина Амантаевна жеңімпаз атанды!
Мадина Амантаевна енді мектебіміздің атынан байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.
Ұстазымызға аудандық кезеңде сәттілік тілейміз! Сіздің адалдыққа негізделген еңбегіңіз – біздің ұрпақтың болашағының кепілі!
Біздің мектеп – адалдық мекені!