№14 ЖББМ-тің 11 А сынып оқушылары әскери-тарихи мұражайына барды.
«Ертеңгі күніңді ойласаң — дән сеп, он жылыңды ойласаң — ағаш отырғыз, жүз жылыңды ойласаң — бала тәрбиеле» деген халық нақылы бар. Бүгінгі күні оқушыларды азаматтық-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесі маңызды. Осы бір асыл аманатты арқалап жүрген қала орталығындағы Қорғаныс министрлігінің әскери-тарихи мұражайының жұмысы білім берумен қатар тәрбие үдерісін қамтиды. Оқушыларды азаматтылық пен отаншылдық, парасаттылық пен адалдық қасиеттеріне баулу, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу