06.04.2022 жылы мектебіміздің 9 сынып оқушыларына Алматы қаласының инновациялық колледжінен әдіскерлер келіп профориентациялық жұмыс жүргізді. Нақтырақ айтсақ, мамандықтар тізімімен, қосымша жеңілдіктер, бөлінетін гранттар, оқу жүйесі, жұмыспен қамту жағдайлары ашылып түсіндірілді