Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
қаңтар
2025

Әлеуметтік педагогтың жарты жылдық есебі

Алматы қаласы, Алатау ауданы « № 14 Жалпы білім беретін мектеп» 2024-2025 оқу жылындағы әлеуметтік педагогтың атқарған
 жұмысының жарты жылдық есебі.
 Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – мектебіміздегі жетім және жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасыларынан шыққан,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылар мен ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік зерттеу жұмыстары
 Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
 Тамыз айында 2024-2025 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Жылдық жоспар негізінде айлық, апталық жоспарлар жасалып, жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жасалды.

 Мектеп бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталды. Тізімдері жасалынды. Оқушылардың жалпы саны: 659. Бастауыш мектеп -296, орта буын-312, жоғарғы буын- 51. Жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған бала -1 ,Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасынан шыққан бала саны-8, Өгей әкесімен тұратын -14 оқушы, өгей шешесімен тұратын оқушы-2. Үйден оқитын-1 оқушы бар. Әлеуметтік қамқорлықтағы барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы және картатекасы жасалынды. Соның ішінде: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың , көп балалы отбасы балаларының, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының және үйде оқытылатын оқушылардың тізімі жасалынды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ПМПК қорытындылары жинақталып, 8 оқушы тіркелген. Қыркүйек айынан осы уақытқа дейін бастауыш 1-4 сыныптар тегін ыстық тамақпен қамтылған, 5-11 сыныптар бойынша 16 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. Қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін үлгерімі төмен, аз қамтылған 5 оқушының үйлеріне мектеп инспекторы, ДТІЖО, сынып жетекші, әлеуметтік педагог комиссия құрылып, тұрмыстық АКТ жазылып, сабаққа келмеу себебі анықталып,ескертулер жасалды және тіркеуге алынды.

https://www.instagram.com/reel/DEwMFvoiPnQ/?igsh=MTBpbTJwZ3Z4bW8xcQ==

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: