Алматы қаласы Алатау ауданы №14 ЖББМ КММ 2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәртіп ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы құжат Қазақстан Республикасының Констит » КГУ «Общеобразовательная школа №14 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы Алатау ауданы №14 ЖББМ КММ 2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәртіп ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы құжат Қазақстан Республикасының Констит
24
мамыр
2023

Алматы қаласы Алатау ауданы №14 ЖББМ КММ 2021-2022 оқу жылының мектепішілік тәртіп ЕРЕЖЕЛЕРІ Осы құжат Қазақстан Республикасының Констит

Алматы қаласы Алатау ауданы №14 ЖББМ КММ
 2022-2023 оқу жылының мектепішілік тәртіп 
ЕРЕЖЕЛЕРІ

       Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын , ҚР баланың құқықтары туралы конвенцияға, ҚР Еңбек Кодексін , ҚР Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы , Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы ережесін ,ҚР Үкіметінің Қаулысы және мектеп Жарғысы басшылыққа алынды. 
 
 Жұмыс уақыты және оны қолдану
 
 1.Мектепте 6– жұмыс күні бір демалыс күнімен орнықтырылған. Бірінші ауысым уақыты - 8.00, екінші ауысым - 14.00;
 
 Қысқаша мінездеме
 Қаладағы тұрған орны: Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшам ауданы Алдияр 16 үй   тел: 307-93-15
 
 Жұмыс уақыты:
 
 1 ауысым сабақтар басталуы – 8.00;
 Сабақтардың аяқталуы – 13.50 (7 сабақ)
 
 2 ауысым сабақтар басталуы – 14.00;
 Сабақтардың аяқталуы – 19.00 (6 сабақ)
 Мектептің жұмыс уақыты:

          Оқу аптасының ұзақтығы - 5 оқу күндері, 1-4-ші  сынып оқушылары үшін – 5 оқу күні,  5-11 сыныптар үшін 5 күндік оқу жүйесі. 1-11 сыныптың ұстаздары үшін сенбі шығармашылық күні болып саналады, әрбір педагог өзінің әдістемелік деңгейін дамыту мақсатында тәжірибе алмасу, семинарларға қатысып, өз іс тәжірибесімен бөлісуі қажет




 
 1 ауысым қоңыраулар кестесі                         2 ауысым қоңыраулар кестесі
 1 сабақ 08.00 – 08.45                                            1 сабақ 14.00 – 14.45
 2 сабақ 08.50 – 09.35                                            2 сабақ 14.50 – 15.35
 3 сабақ 09.45 – 10.30                                            3 сабақ 15.45 – 16.30
 4 сабақ 10.40 – 11.25                                            4 сабақ 16.40 – 17.25
 5 сабақ 11.30 – 12.15                                            5 сабақ 17.30 – 18.15
 6 сабақ 12.20 – 13.00                                            6 сабақ 18.20 – 19.00
 7 сабақ 13.05 – 13.50
Бастауыш сыныптарда сабақтар уақытында 2-3 минут күнделікті сергіту сәті өткізіледі;
             1-11 сыныптың  азқамтылған  , қорғаншылыққа алынған оқушыларға тегін тамақтану ұйымдастырылады;
Каникулдар:
       Оқу жылының ұзақтығы демалыс уақыты қатаң түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен анықталған
 
 2021-2022 оқу жылына каникул кезеңдері:

       1-11 сыныптарда күзгі каникул - 7 күн (2021 жылғы 1-7 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан - 2022 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурызды қоса алғанда); 
   1-сыныптарда 7 күн мерзімде (2022 жылғы 7-13 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленген.                                   
Мерекелік күндер:
 
 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
 16,17 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні
 1–2 қаңтар – Жаңа Жыл
 7 қаңтар - Рождество
 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні
 22 наурыз – Наурыз мейрамы
 1 мамыр – ҚР Бірлік күні
 7 мамыр - ҚР Отан қорғаушылар күні
 9 мамыр – Жеңіс күні
 6 шілде – Астана күні
 30 тамыз– ҚР Конституциясы күні
1.Жалпы ережелер
 
 1.1 Мектеп қызметкерлері кестеге сәйкес мектеп директорымен бекітілген, кәсіподақ комитетімен келісілген бойынша оларға ұсынылған лауазымдық міндеттері және оқу кестесімен, мектептің жұмыс тәртібімен жұмыс жасайды;
 1.2. Педагогикалық қызметкерлер жұмыс орынында 20 минут бұрын болуы қажет. Сыныпқа кешігіп келу және қоңыраудан кейін себепсіз кешігу, сабаққа дайындалу оқу тәртібін бұзу болып табылады;
 1.3. Әкімшілік педагогикалық қызметкерлерге кезекшілік бөліп беріледі. (қосымша №3) Кезекшілік оқу сабақтарының басында 30 минут кешіктірілмей басталуы керек және 30 минут ауысым аяқталғанша жалғасуы керек. Кезекшілік кестесі директормен әрбір айға арналып бекітіледі. Кезекшілер нақтыланған постарда бекітіліп және жауаптылар болып табылады:
 1) тәртіпке; 2) санитарлы жағдайға; 3) өзінің нысанының және бөлініп берілген аумағының эстетика түріне жауапты;
 1.4. Педагогикалық қызметкерлер барлық мектептің және қоғамдық шараларға оқу жүктемесінің санына қарамай, жұмыс уақытының 40 сағат көлемінде ұзақтығын арттырмай қатысулары міндетті; 
 1.5. Мектеп әкімшілігі оқытушылардың сағат жүктемелерін қабылданған нормаларға мектептің мүмкіншілігіне және қызығушылық басылымдықтары негізінде мектеп мұғалімдерінің біліктілік мінездемелері мен жетістіктерін ескере отырып сабақтастық және толық қанды принциптеріне қарай бөлініп беріледі;
1.6. Мектептегі оқу сабақтарының кестесі оқу жоспары негізінде директормен бекітіліп, кестеге сәйкес міндетті түрде орындау үшін өткізіледі; кестеге сәйкес сабақты өткізбеген қызметкер ережені бұзған болып есептеледі;
 1.7. Сабақтар кестесі мектеп әкімшілігімен оқу материалын жағымды қабылдауды ескере отырып, еңбек тәртібінің қиындық деңгейлерімен, оқушылардың демалулары және санитарлы ережелер және нормалар талаптарын сақтаумен жасалады;
 1.8. Мұғалім сабақ кезінде сыныптан шығуға немесе басқа да бөтен қызметтермен айналысуға, басқа қызметкерлермен әңгімелесуге, ұялы телефонмен сөйлесуге құқығы жоқ. Сабақ барысында мұғалім оқушылардың өміріне, денсаулықтарына және қауіпсіздіктеріне толық жауаптылық алады
 1.9. Бөгде  тұлғалардың мектеп ауласына және ғимаратқа  мектеп күзеті мен әкімшілігінің рұқсатымен ғана кіре алады

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: