25
сәуір
2025
2025 жылдың 12 сәуір күні мектебімізде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды.
2025 жылдың 12 сәуір күні мектебімізде дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға мектеп ұжымы – мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары белсене қатысып, мектеп аумағын тазартуға, көркейтуге өз үлестерін қосты. Сенбіліктің басты мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғау, тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарау сынды құндылықтарды сіңіру, сондай-ақ ұжымдық еңбек арқылы бірлік пен ұйымшылдықты нығайту болып табылады. Шара барысында мектеп ауласы мен айналасы тазартылып, ағаштар мен гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл игі бастама оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
https://www.instagram.com/reel/DIbQ5LNijgX/?igsh=MXJvd2J6ZG9sMmZxdg==
https://www.instagram.com/reel/DIbQ5LNijgX/?igsh=MXJvd2J6ZG9sMmZxdg==