Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №14 жалпы білім беретін мектепте репродуктивті денсаулық апталығы өтті
21
мамыр
2025

№14 жалпы білім беретін мектепте репродуктивті денсаулық апталығы өтті

№14 жалпы білім беретін мектепте репродуктивті денсаулық апталығы өтті

№14 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға, жеке бас гигиенасын сақтауға және денсаулығына жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында репродуктивті денсаулық апталығы ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп медбикесімен бірлесіп өткізіліп, оқушыларға маңызды ақпараттар берілді.

Апталық барысында жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай дәрістер оқылып, қыздар мен ұлдарға жеке кеңес берілді. Әңгіме барысында репродуктивті жүйенің қызметі, жасөспірім кезеңіндегі өзгерістер, жеке бас гигиенасы, ерте жүктіліктің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.

Мектеп медбикесі оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары жайлы түсінікті әрі пайдалы ақпаратпен бөлісті. Іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды қалыптастыруға септігін тигізді.

Апталық жоғары деңгейде өтіп, оқушылар үшін тәрбиелік әрі танымдық мәні зор шара болды.
https://www.instagram.com/p/DJoDFCKCtvm/?igsh=Z29vYXptZ214ZW81

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: