15
мамыр
2024
Мектебімізде Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме өткізілді
14.05.2024 ж. ст. Алатау АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға инспекторы полиция подполковнигі Қызжанова Алтын Төлегеновна мен полиция майоры Алиева Ақерке Оразхановна және аға лейтенант Нурбек Айза мектеп 9- 11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Жиналыста оқушыларға жалпы құқықбұзушылық туралы айтып, құқық бұзған жағдайда қандай салдары болатынын ескертті. Жағдаяттық сұрақтар қойылып, одан шығу жолдары бойынша сөз қозғалды. Сонымен қатар, техника қауіпсіздігі туралы видеороликтер көрсетіліп, алдағы уақытта қорғанудың тәсілдерін үнемі ескертіп отыра, тәжірибе ретінде көрсетіліп тұратындығы айтты. Оқушылармен кері байланыстар орнатылып, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды.