Құқық » КГУ «Общеобразовательная школа №14 » Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№14 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 268-62-65
Есепші бөлімі:
+7(727) 268-65-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
қазан
2021

Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша 1-4 сынып оқушыларына  «Заң  деген не? Елдің негізгі заңы – Конституция» тақырыбында Сынып жетекші мұғалімдер қашықтықтан түсіндірме жұмыстар жүргізілді. 
Бұл жұмыстың Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білуге, алдына мақсат қоя білуге баулу. Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау. Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу болды. 
ҚР Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін конституция, оның нормаларын пайдалана алады. Сонымен, ҚР-ның Конституциясы – елдің басты саяси құқықтық құжаты. Заңға бағыну – тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер қоғам дамуына негіз болады. Өз Отанын танып, сүюі, оның заңдарына бағынуы – бұл әр адамның азаматтық жауапкершілігін сезінуі, өз елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы.
 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

06 қазан 2021 Отбасы
17 маусым 2021 Сәуір