Күзгі демалыс
3- қараша күні №14 Жалпы білім беретін мектебінде "Отбасы - бақыт мекені" жобасы аясында 8 сыныптар арасында 8 "А" сынып оқушысы Абдықалық Бекзаттың әжесі, 83 жастағы он құрсақ көтерген батыр Ана, "Алтын алқа" иесі Уразгулова Батима әжемен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Батыр Әже отбасы құндылықтары туралы өзінің өсиет, әңгімелерін айтып, оқушыларға ақыл - кеңес берді.